Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мемлекеттің беделі – мемлекеттік қызметшінің абыройы» атты мерекелік іс–шара өтті

«Мемлекеттің беделі – мемлекеттік қызметшінің абыройы» атты мерекелік іс–шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні кәсіби мерекелеріне орай салтанатты іс-шара өтті.

Аудан әкімі халыққа қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен ел тыныштығын сақтап жүрген тәртіп сақшыларының еңбектеріне тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы» деп айтуға болады. Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге заманауи, сапалы қызмет көрсету міндеті қойылып отыр. Өйткені, халықтың билікке деген сенімі қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Осыған байланысты Президент қазіргі заманға сай мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру керектігін атап көрсетті. Ауданда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, беделін көтеру бағытында көптеген жұмыстар жасап, халыққа қызмет көрсетуде. Соңғы төрт жылда аймағымыздың полиция органдарының материалдық-техникалық базасын заманға сай жақсартуға облыстық бюджеттен 17 млрд. 805 млн. теңге, оның ішінде арнайы автокөліктермен қамтуға 4 млрд. 282 млн. теңге қаралып, замануи құрылғылармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік табысталды. Ағымдағы жылдың сәуір айында 100 дана жаңа автокөліктер берілді. Осындай қолдаудың нәтижесінде тәртіп сақшылары тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Кәсіби мерекеде ауданның дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық тыныштықты сақтап жүрген тәртіп сақшылары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 маусым 2026 ж. 37 0