Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Р.Т.Алдамбергенов, аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Нұрғалиев, жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Н.Жүсіпбекұлы, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Бегайдарова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Қаратаев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы А.Оразымбетова және аудандық аурухана мен отбасы орталығының психолог мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен білім, әлеуметтік саласының мамандары күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқару қажет екендігін атап өтті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша туындайтын қатынастарды реттеу, белгіленген ерекшеліктерді ескеру, профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша орталық тарапынан психологиялық, құқықтық кеңестер берілетін болады.