Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

ҚР ІІМ 13.11.2021 жылғы нұсқауына сәйкес, республикалық дәрежеде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.

Мұның негізгі мақсаты қоғамның әлсіз тобына әйелдерге, аналарға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, оны болдырмауға, ана мен бала құқығын қорғауға, қоғамдық отбасы рөлін нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауттылығын арттыруға бағытталған. Осыған орай, аудан көлемінде зорлық-зомбылықты болдырмау үшін аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Акция аясында аудандық полиция қызметкерлері Тереңөзек кентінде 2 азаматты «Қорғау нұсқама» санаты есебіне алып, есепке алынған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Әйел аналар мен балалардың құқығы Заңмен қорғалады.
02 желтоқсан 2021 ж. 779 0