Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Осы ретте, Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, шараға аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов, аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Нұрғалиев, жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Н.Жүсіпбекұлы, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Бегайдарова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Каратаев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы А.Оразымбетова қатысты.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен білім, әлеуметтік, медицина саласының мамандары күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқару қажет екендігін атап өтті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша туындайтын қатынастарды реттеу, белгіленген ерекшеліктерді ескеру , профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша орталық тарапынан психологиялық, құқықтық кеңестер берілетін болады.