Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесарықтағы тоспадоп бәсекесі

Бесарықтағы тоспадоп бәсекесі

«AMANAT» партиясының қолдауымен және Бесарық ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен аталған елді мекенде волейболдан ашық біріншілік өтті. Турнирдің ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Қызылорда қаласының, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Абай-Дәулет» серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Мешітбаева және ауыл ардагерлері, спортшылар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық партия филиалының төрағасы Жандос Базартай құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


– Құрметті қауым! Мамыр айындағы мерекелер аясында сіздермен спорттық іс-шарада бас қосып тұрмыз. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде бұқаралық спортты дамыту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Ел Үкіметінің және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауы­мен аймағымызда да спорт саласы қарқынды түрде дамуда. Бұл жұмыстар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларында да көрініс тапқан. Мәселен, Бесарық ауылындағы спорт кешені пар­тияның сайлауалды бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп, бүгінде спорт нысанында жүздеген ауыл баласы спортпен шұғылдануда. Бүгінгі турнирге де 12 команда, 150-ге жуық спортшы қатысуда. Жарысқа қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілеймін, – деді Жандос Нұртайұлы.

Өз кезегінде Мұрат Сәрсенбаев жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, тілектестігін білдірді.

Жарыстың ашылу салтанатында «AMANAT» партия­сының сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларын жүзеге асыруға қосқан айрықша үлесі мен Бесарық ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында сіңір­­ген еңбегі үшін бірқатар азамат Алғыс хатпен марапатталды. Жарыс қорытындысында жеңімпаз бен жүлдегер командалар анықталып, марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда І орынға 150 мың, ІІ орынға 100 мың, ІІІ орынға 50 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөз

05 мамыр 2026 ж. 44 0