Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жалынды жастарды қабылдады

Жалынды жастарды қабылдады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев жайдарманшылармен арнайы кездесті. Кездесуде аудан басшысы талантты жастарды жарқын жеңістерімен құттықтап, олардың шығармашылық ізденістеріне табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

Кездесу еркін форматта өтіп, жас жайдар­маншылар өздерінің өнер жолындағы тәжі­рибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары жайында әңгімеледі. Сонымен қатар аудан әкімі жастардың бастамалары мен шы­ғар­машылық идеяларына әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

– Жайдарман – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдайтын және сахна мәдениетін қалыптастыратын ерекше өнер алаңы. Сіздер осы өнер арқылы ауданымыздың намысын қорғап, өңіріміздің мерейін асырып жүр­сіздер. Біз әрдайым өздеріңіздей жастарды қолдап келеміз, алдағы уақытта да қолдай береміз. Осындай қолдаудың нәтижесінде рес­публикалық Жайдарман ойындарының «Маусымашар-2026» фестивалінде өнер көрсетіп, «Джуниор проект» жобасында жүлделі І орын, облыстық жайдарман ойындарында І орын иеленіп, жетістіктерге жетіп келесіздер. Ауданымыздың атын шығарып жүрген Сіздерге шынайы алғысымды біл­діремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Үздік нәтиже көрсеткен жайдарманшыларды аудан әкімі «Алғыс хатпен» марапаттады.

– Бүгінгі аудан әкімімен болған кездесу біз үшін өте ерекше әрі әсерлі өтті. Осындай қабылдауға шақырылып, жетістіктеріміздің еленуі бізге үлкен қуаныш сыйлады. Бұл – біздің еңбегімізге берілген жоғары баға деп білемін. Жайдарман – тек әзіл айту емес, ол үлкен жауапкершілік, үздіксіз ізденіс пен шығармашылық еңбекті талап ететін орта. Осы өнер арқылы біз сахна мәдениетін үйреніп, өзімізді жан-жақты дамытып келеміз. Біз әрбір сайысқа үлкен дайындықпен барып, ауданымыздың намысын абыроймен қорғауға тырысамыз. Республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуімізге аудан тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың да әсері мол. Әсіресе жастарға сенім артып, шабыт беріп отырған аудан әкіміне ризашылығымыз шексіз. Алдағы уақытта да жаңа жобалармен көрерменді қуантуды, ауданымыздың мәртебесін биік­тетуді мақсат етіп отырмыз. Бізге артылған сенімді ақтап, бұдан да биік белестерді бағындыру үшін аянбай еңбек етеміз. Осындай құрмет көрсетіп, шығармашыл жастарға қолдау білдірген аудан басшылығына және барша жанкүйерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді Дамир Баржақсы.

Қабылдауда аудандық «Жастар» ре­сурс­тық орталығының басшысы Нұржан Сейтжан жастарға қолдау білдіріп жүрген аудан басшысына алғысын жеткізді. Сондай-ақ, Жайдарман қозғалысының көшбасшысы, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жас­тар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукеннің Алғысын аудан әкіміне табыс етті.

«Тт» ақпарат
06 маусым 2026 ж. 72 0