Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, комиссия мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.Күн тәртібінде Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстардың орын алу себептері мен оларды болдырмау мақсатында айқындалған міндеттер туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу мақсатында қабылданған шаралар туралы және Отбасы жағдайындағы зорлық-зомбылық сипатында жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы үш бірдей мәселе қозғалды.
– Ата Заңымыз Конституциямызда анық жазылған «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Сондықтан, адамның өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен бостандығына қол сұғатын кез келген қылмыс — бүкіл қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіреді. Сондай ақ, бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін, адамгершілік негіздерін айқындайтын стратегиялық маңызы бар мәселе. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










