Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібі бойынша «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу мақсатында қабылданған шаралар туралы» және «Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстардың орын алу себептері мен оларды болдырмау мақсатында айқындалған міндеттер туралы», «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы» үш бірдей мәселе қозғалды.

– Қоғамдағы ең өзекті әрі өткір мәселелердің бірі – мектеп оқушылары және жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оларға қатысты кибербуллинг әрекеттерінің алдын алу және отбасы құндылықтарын сақтау және бала тәрбиесі болып табылады. Сана мен рухани тәрбие – отбасы тәрбиесінің негізі десек, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікке кепілдік беретін тағы бір маңызды құрал – бұл Заң. Сондықтан да біз отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселесін тек әлеуметтік немесе рухани тұрғыдан ғана емес, құқықтық тұрғыдан да жан-жақты, кешенді түрде қарастыруымыз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 маусым 2025 ж. 164 0