Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселе Аудандық қоғамдық даму бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов хабарлама жасады. Екінші мәселе бойынша Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Қалдыбаева квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс қызметтерінің атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттеріне тоқталды. Үшінші мәселе Ауылдық округ әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шараларға А.Тоқмағанбетов, Қоғалыкөл ауылдық округ әкімдерінің міндетін атқарушылар баяндама жасады.
– Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне кері әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Әкімдіктер халықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен, бұл салада ашықтық, адалдық, әділдік және жауапкершілікті қамтамасыз ету аса маңызды. Осы тұрғыда басты міндет – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, заңдылықты сақтау және қоғам сенімін нығайту болып табылады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан басшысы комиссия мүшелеріне тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










