Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жалын» лагерінің дайындық барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

«Жалын» лагерінің дайындық барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалыныңң төрағасы Ержан Әжікенов аудандық мәслихат депутаттары және партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге «Жалын» сауықтыру лагеріне барып, жазғы тынығу маусымына дайындық барысымен танысты.

Аудандық мәслихат депутаттары лагерь аумағын аралап, балалардың демалуына арналған нысандардың жай-күйін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын және санитарлық жағдайын қарап шықты. Сонымен қатар, лагерьді дайындауға жауапты мамандармен кездесіп, алдағы маусымға қойылатын міндеттерді атап өтті.

Тиісті сала мамандарына лагерьді уақтылы және сапалы түрде дайындау, медициналық қызметтермен және тәрбиешілермен толық қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, биылғы жазда аудандағы «Жалын» сауықтыру лагеріне 6 ауысым бойынша 691 баланы қабылдау жоспарлануда. Әр ауысымда 110-120 бала тынығатын болады. Бүгінде сауықтыру лагері тынығушыларды қабылдауға толық дайын.

28 мамыр 2025 ж. 317 0