Жемқорлыққа төзбеу – мәдениет саласының айқын бет-бейнесі
Мәдениет саласы – ұлттың рухани келбетін айқындайтын, тарихы мен дәстүрін сақтайтын маңызды кеңістік екені даусыз. Сондықтан бұл саладағы ашықтық пен әділдік қоғам сенімінің негізгі тірегі болуы тиіс. Әрине, сыбайлас жемқорлықтың кез келген әрекеті мәдениет саласының дамуына кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Аудандағы мәдениет саласындағы жемқорлықтың алдын алу – уақыт талабы ретінде қарастырған жөн.Мәдениет қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру, арнайы семинар мен тренинг өткізу – алдын алу шарасының тиімді жолы. Әрбір қызметкер өз әрекетінің заң алдындағы жауапкершілігін нақты сезінуі тиіс. Мәселен, Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелерде 2026 жылдың І тоқсанында 54 іс-шара өткізілген. Оның ішінде, 15 түсіндірме жұмыс, 18 семинар-кеңес, 12 дөңгелек үстел, 9 пікірлесу сағаты ұйымдастырылған. Бұның барлығы – ашықтықты қамтамасыз ету және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жемқорлыққа төзбеушілік дегеніміз – тек заң бұзбау ғана емес, кез келген әділетсіздікке бейжай қарамау, оны қабылдамау. Мәдениет қызметкерлері қоғамға үлгі болатын тұлғалар болғандықтан, олардың әрбір әрекеті адалдық пен тазалықтың көрінісі болуы тиіс. Мәдениет мекемелерінде бұл бағытты нығайту үшін бірнеше маңызды қадам қажет. Біріншіден, ұжым ішінде адалдық қағидатын насихаттау керек. Әдеп кодекстері тек құжат ретінде емес, күнделікті жұмыс қағидатына айналуы тиіс. Екіншіден, әрбір қызметкер өз құқығы мен міндетін нақты білуі қажет. Құқықтық сауаттылық артқан сайын заңсыз әрекеттерге қарсы тұру қабілеті де күшейеді.
Анар ҚАЛДЫБЕВА,
аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Фото: qazdauiri.kz










