Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауқарлы күресті қажет етеді

Қауқарлы күресті қажет етеді

Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқор­лыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірі болып санала­ды. Атап айтқанда, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сы­бай­лас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді.
Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қа­лып­та­­суы үшін сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауат­тылығына да байланысты төмен немесе жо­ғары болуы мүмкін. Мем­лекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген се­нім­ді­лігін күшейтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдар­ламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» де­лінген. Бұл жерде жас ұрпақтың құқықтық санасы мен отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды. 
Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән бе­ріледі. Сондықтан сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мә­дениеттің қалып­тастырылуын оқу орын­дарынан бас­та­ғанымыз дұрыс. Жас ұр­пақты сы­байлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады. Бүгінде мемлекеттік органдар­да сенім телефондары орнатылған. Бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында мем­ле­кет­тік қызметтердің көрсетілуі туралы ма­қалалар жариялануда. Мемлекеттік ор­гандардың қызметшілері үшін сы­байлас жемқорлыққа қарсы тағы­лымдамалар өт­кізілуде. Халыққа қыз­мет көрсету орта­лық­тарында мем­лекеттік қызметтерді электронды түр­де алуға болады. 
Жалпы, біздің елімізде тәуел­сіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді. Сыбайлас же­м­­қорлықтың көріністерін жою мақ­са­тында заңнамалық акті­лер қа­был­дан­ды. Рұқсаттар мен мем­лекеттік қыз­мет­­тердің алынуын жеңілдету үшін элек­тронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты ен­гізілді.
Сыбайлас жем­қор­лық­пен күресте көп нәрсе бүкіл қо­ғам­ның белсене атсалысуына байланысты. Әлеу­меттік желінің, өзге де медиа-ресурс­тар­дың дамуы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет барысында кү­рес­тің қуатты құралына айналуға тиіс.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү­ресті күшейту мәселелері нақты көр­сетілген. Мұның барлығы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте нақты нә­ти­же­лер­ге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Қайрат Жусупов,
А.Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы
12 желтоқсан 2020 ж. 336 0