Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық ел дамуын тежейді

Жемқорлық ел дамуын тежейді

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Қалжан ахун ауылында да ұйымдастырылуда. Елді мекенде жемқорлықты болдырмау мен алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу механизімнің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси тұрақтылығына ғана емес сонымен қатар салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне байланыс­ты.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның бас­ты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту. Сондай-ақ маңызды құжатта сыбайластықты жоюға барлық қоғамды тарту, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылу процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институтарына кері әсерін тигізеді. Елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу.

Осы орайда Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратында жыл басында іс-шара жоспары кесте түрінде бекітілді. Жоспарға сәйкес жемқорлықты азайту, болдырмау мақсатында мекеме қызметкерлері арасында және ұжымда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда. Ұжым қызметінің негізгі идеясы – жастармен, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру екені белгілі. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шараларды жетілдіру, жас­тар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу үшін көптеген игі істер атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде теріс көзқарастағы ауыл тұрғыны немесе мекеме қызметкері анықталған жоқ.

Орын алған сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактісі төтенше жағдай ретінде қаралатын болады. Ұжым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауы үшін барлық қажетті шаралар мен профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіле береді.

Г.Акбаров,
Қалжан ахун
ауылдық округінің әкімі
Коллаж: Azattyq Ruhy
01 маусым 2024 ж. 70 0