Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Идея, тәжірибе, нәтиже: мектеп басқарудағы үздік модельдер алаңы

Идея, тәжірибе, нәтиже: мектеп басқарудағы үздік модельдер алаңы

2026 жылғы 2 сәуірде «Мектеп басқарудағы тиімді модельдер» тақырыбында екі күндік аудандық тәжірибе алаңы өз жұмысын бастады. Шараның салтанатты ашылуы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында ұйымдастырылып, білім беру саласындағы көшбасшыларды бір арнаға тоғыстырды.

Тәжірибе алаңының алғашқы күні мазмұнды, әрі динамикалық екі кезеңнен тұрды:
1 Интеллектуалды сайыс — «Руханият» орталығында өтті. Мектеп басшылары мен орынбасарлары стратегиялық жоспарлау, заманауи менеджмент және білім сапасын арттыру бағытында өздерінің біліктіліктері мен терең білімдерін сарапқа салды.

2. Эстафеталық жарыс — №36 мектеп-лицей базасында жалғасты. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші, мектеп әкімшіліктері тек кабинетте ғана емес, спорт алаңында да нағыз командалық бірлік пен жеңіске деген ұмтылыстың үлгісін көрсетті.




Бұл шара — басқарудың тиімді үлгілерін меңгеріп қана қоймай, әріптестер арасындағы алтын көпірді нығайтудың бірегей мүмкіндігі болды.

03 сәуір 2026 ж. 54 0