Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ МАМАНДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ МАМАНДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ


Жазғы лагерьде балалардың демалысын тиімді өткізу үшін мамандар әр түрлі шаралар ұйым­дастырылып жатыр. Мақсаты жасөспірімдердің білімін жетілдіріп, қиялын дамыту. №36 Ә. Тәжібаев атындағы мектеп-лицей жанында орналасқан «Айгөлек» күндізгі тынығу лагерьінде «Лагерь жазы көңілді» атты тәжірибе алаңы өтті. Бұған ауданға қарасты күндізгі тынығу лагерьлерінің тәлімгерлері қатысты.
Шара «Айгөлек» күндізгі тынығу лагерінің базасында орналасқан тынығушылардың қолымен жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесімен басталды. Оқушылар үйінің қызметкерлері ұйымдастырған көрмені Ә.Боқан таныс­тырды. Өз кезегінде лагерь тынығушыларымен психолог Г.Әмзеева «Құм терапиясы» семинар тренингін өткізіп, тәжірибе бөлісті. Бұдан кейін А.Құлпейісова «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысында тынығушылардың білім деңгейін сынады. Сурет үйірмесінің жетекшісі М.Әзірбек «Туған жерге тағзым» тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауын ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтады. Жапсырма үйірмесінің жетекшісі Г.Есболғанова балаларға «Гүл шоқтары» аталатын тапсырманы бере отырып, үйірме жұмысын жетілдіруді көрсетті. Ал, мектеп-лицей акт залында «Лагерь жазы көңілді» атты мерекелік шара жалғасын тауып, тынығушылардың өнерлерін жиналғандар тамашалады. Концертті мектеп-лицей директоры Б.Сағындық ашып, әріптестеріне қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Мерекелік шара соңын лагерь басшысы Г.Байдушева мен аға тәлімгер М.Сейдікәрімова қорытындылап, тынығушыларға «Алғыс хат» пен сыйлық табыс етті.

Арайлым ӨМІРБЕК,
ҚМУ-дың ІІ курс студенті
04 шілде 2018 ж. 1 596 0