Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шығармашыл ұстаздар тәжірибе алмасты

Шығармашыл ұстаздар тәжірибе алмасты

Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ақжарма ауылындағы №130 орта мектеп базасында аудан көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар тәжірибе алмасты.

Тәжірибе алаңының негізгі максаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, үздік тәжірибесін анықтау болып табылады.

Алаңға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен кәсіподақ комитетінің қызметкерлері және аудан мектептері бойынша 55-ке жуық ұстаздар қатысты.

Бағдарлама бойынша идеялар аукционы: «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» тақырыбында командалар ішінен мұғалімдер өзара ой бөлісіп, өздерінің ізденістері мен идеяларын ортаға салды.

Жұмыстың келесі бағытында «Брейн-ринг-2022» командалық сайысы өткізілді. Сайыс барысында командаларға логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде ой ұшқырлығымен озып шыққан командалар марапатталды. Олардың қатарында І орынмен – №36,130 мектеп командалары, ІІ орынмен – №44,129 мектеп командалары, ІІІ орынмен – №139,130,36,131 мектеп командалары иеленді.

Сонымен қатар «Алтын көмбе» танымдық ойыны ұйымдастырылып, ойын барысында өздерінің терең білімдерімен сұрақтарға толық жауап берген №36 мектеп-лицейі мен №130 орта мектеп командалары «Алтын көмбеге» қол жеткізді.   

Тәжірибе алаңының шара соңында белсене қатысқан шығармашыл ұстаздарға «Алғыс хат» табысталды.
05 желтоқсан 2022 ж. 272 0