Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесі басты назарда

Мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесі басты назарда

«AMANAT» партиясы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесін тұрақты назарда ұстап келеді. Осы уақытқа дейін асыл тұқымды мал бағумен айналысып жатқан бірқатар шаруа қожалықтарға мониторинг жүргізіліп, малшылардың ұсыныс-пікірі тыңдалды.

Жүйелі жұмыс бүгін жалғасын тауып, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мал басын көбейту мен асылдандыру бойынша «Мәди» шаруа қожалығында болды.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Мәди» шаруа қожалығында болып, шаруа қожалық иелерімен, малшылармен кездесті. Партиялық бақылау іс-шарасына аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Марат Бакуов, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Бауыржан Мырзахметов, бөлім маманы Айбек Қозыбаев, "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Алтынай Жунусова қатысты.

Сырдария уаданы, Тереңөзек кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Раимов Мәди Рахымбердіұлы 2018 жылы "Сыбаға" бағдарламасы арқылы мүйізді ірі қара мал басын көбейтуге 3 500 000 теңге несиеге 18 бас мүйізді ірі қара мал сатып алып, бүгінгі күнге дейін күтіп бағуда. Бүгінгі күнде жеке шаруашылық меншігінде 61 бас мүйізді ірі қара, 6 бас жылқы бар.

28 наурыз 2026 ж. 2 0