Мал басын көбейту және оны асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстарға мониторинг жасалды

Мониторинг жұмысына облыстық мәслихат депутаты, аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы және Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт қатысты.
Мониторинг барысында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт Жол картасы аясында мал шаруашылығын дамыту, оны асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.