Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

"AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік және медициналық қолдаулар мен көмектер туралы есебін тыңдау;
2. Сырдария ауданы бойынша «АртСпорт» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде есебін тыңдау;

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айнұр Есмағанбетова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгерім Мешітбаева хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң, қаулы қабылданды.

02 мамыр 2025 ж. 461 0