Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Халықаралық балалар кітабы

Халықаралық балалар кітабы

Бүгін  №126 жалпы орта мектебінің 1-сынып оқушылары «Халықаралық балалар кітабы» күні  мерекесін ерекше қуанышпен атап өтті. Сынып жетекшісі Гүлнұр Мамырбай  оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп, өздерінің сүйікті ертегілерін оқыды.

Сабақ барысында оқушылар  ертегі кітаптармен танысып, қызықты кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады. Олар кітаптың адамға дос екенін түсініп, білімге деген алғашқы қадамдарын басты.

Бұл күні түрлі елдерде кітап көрмелері, әдеби кештер, ертегі оқу сағаттары ұйымдастырылып, жас оқырмандарға ерекше көңіл бөлінеді.


–Мұның бәрі – кітаптың құндылығын дәріптеп, келер ұрпақтың саналы әрі білімді болып өсуіне жол ашу. Сондықтан әр балаға кітап сыйлау – болашаққа салынған үлкен инвестиция. Кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Кітап – білімнің кілті. Бүгінгі кішкентай оқырмандар ертеңгі білімді ұрпақ боларына сенім мол,–  деді сынып жетекшісі. 
02 сәуір 2026 ж. 124 0