Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кітапхана жас оқырмандармен толықты

Кітапхана жас оқырмандармен толықты

ХХІ ғасыр – руханият, мәдениет һәм ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, рухани тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапхана. Осыған байланыс­ты №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп кітапханасында 1-ші сыныптың кішкентай оқырмандарын «Кітап әлеміне саяхат» атты кітапханамен таныстыру өтті.

Жас оқырмандармен кітапханаға саяхат жасаудағы басты мақсат – бүлдіршіндердің оқуға деген қызығушылығын оятып, кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп әрі ұқыпты ұстауға үйрету. Кітапханамен танысу барысында жас оқырмандарға кітапхана ережесі таныстырылып, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін және кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы, қазақтың ақын-жазушылары туралы мәлімет берілді. Тағылымды іс-шара барысында жас оқырмандар кітапханадағы арнайы көрмемен танысты. Одан бөлек кітапханашы балаларды қазақ халық ертегілерімен және оның кейіпкерлерімен таныстырып, қызықты ақпараттар айтылды. Сонымен қоса оқушылар орны ауысқан суреттер арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнесін құрастырды.

– Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны өте ерекше. Бүгінгі шәкірттер ертеңгі ел тұтқасы. Болашақ мамандардың заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табады. Қазіргі заманауи технологиялардың қарыштап дамы­ған заманында кітапхананың назардан тыс қалмай, әрдайым оқырманға мінсіз қызмет етуі, кітапқа, мерзімді басылымдарға қызы­ғушылығын арттыруы, әлем әдебиеті мен мәдениетін насихаттауы, Отанымыздың тарихын, мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, зиялы­ларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыруы және білім мен тәрбиенің сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Жалпы, жас ұрпақтың бойында патриоттық, әділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы өте зор.

Оқушыларды тәрбиелеу кітапхана боса­ғасын аттағаннан басталады. Сонымен қоса кітапхананың ішкі безендірілуі талап пен талғамға сай болуын қамтамасыз етіп, оқушы кітапхана бөлмесіне кіргенде мәдени орталық екенін сезінуіне баса мән береміз. Кітапханаға жиі келіп тұратын оқушылармен пікірлесе отырып, олардың басқа балаларға қарағанда ерекшелігі бар екенін байқай бас­тайсыз. Оқушылар түрлі іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, кітапхана ісі және библиографиядан білімдерін көрсетеді. Осы арқылы оларды кітапқұмарлыққа, сауаттылыққа, дүние­таны­мын кеңейтуге, сөздік қорын молайтуға баулимыз, – деді кітапханашы Индира Усманова.
Кітапханамен танысу барысында жас оқырмандар кітаптың сан алуан түрімен танысып, өздеріне қызықтырған кітаптарын алып көрді. Кітапханамен жақынырақ таныс­қан жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтары артып, алдағы уақытта кітапханаға жиі келетіндерін айтты.

А.ЖҮНІСОВА

02 қараша 2024 ж. 161 0