Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » КІТАП ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ

КІТАП ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханаға саяхат өткізілді.
Шараға қаламыздағы Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің бірінші сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.
Балаларға кітапхана жайлы тартымды да қызықты әңгімелер айтылды. Балалар жергілікті ақын Ә.Тәжібаев музейін тамашалады.
Келесі кезекте «Балдырған» залында «Веселый час с Агнией Барто» шарасы ұйымдастырылып, балалар ақыны А.Бартоның шығармалары таныстырылды.
«Знаю о книге все», «Угадай героя», «Из какой книги» викториналары өткізіліп, «Покажи героя» ойыны ойналды. Балалар «Веселый час с Агнией Барто» атты кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттермен танысты. Шара соңынан «Балдырған» залында балаларға қызықты мультфильм көрсетілді.
Алдағы уақытта мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге кітапханаға саяхатқа келуін ұйымдастыру жалғасын табады.


https://syr-media.kz/
24 қыркүйек 2018 ж. 2 065 0