Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Зорлық-зомбылыққа нөлдік көзқарас» ҚР Заңы таныстырылды

«Зорлық-зомбылыққа нөлдік көзқарас» ҚР Заңы таныстырылды

Сырдария аудандық емханасында сала мамандарына 2026 жылғы 3 қаңтарда «ҚР Қылмыстық кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы таныстырылды.

Белгіленген ережелерді іске асыру және медициналық қызметкерлерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында арнайы кеңес ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға сала мамандары қатысты.

Сала мамандарымен кездесу жиынында аудандық полиция бөлімінің инспекторы аға-лейтенант А.Рсымова заңдағы өзгерістерге тоқталды. Әрине, зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау мақсатында сан түрлі іс-шара қолға алынады. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде, аталған оқиғаға тап болған медицина мамандарына құқық құрғау саласының мамандары тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі.

02 сәуір 2026 ж. 84 0