Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама жүргізу

Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама жүргізу

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін  халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.

Ғылыми сараптаманы, халықаралық шарттың жобасын дайындауға қатысқан немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы), оның ішінде шетелдіктер жүргізеді.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптаманы мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдап отыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым жүргізеді.

Қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасын мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми қолдап отыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым жүргізеді.
Ғылыми сараптама:

1) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының сапасын, негізділігін, уақтылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау;

2) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың, сондай-ақ халықаралық шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау;

3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;

4) халықаралық шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының тапсырмасы негізінде;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасы бойынша;

3) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс берген орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының келісілуін жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.

Олжас ДҮЙСЕНОВ 
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің аға сот приставы
31 наурыз 2026 ж. 62 0