Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіп бар жерде қауіп жоқ

Тәртіп бар жерде қауіп жоқ

Темірден төнер қауіп бар. Темір тұлпар алыс жерді жақын етеді, айта берсек, пайдасы ұшан-теңіз. Десек те зиянды жағы да жеткілікті. Жүргізуші тәртіпке бағынбаған жағдайда өмірімен жауап беруі мүмкін. Алматы қаласындағы жантүршігерлік жол апаты – бүгінгі күннің басты тақырыбына айналып отыр. Бұл туралы тиісті органдар өз жұмысын атқарып, қоғам белсенділері пікір білдіруде.

Негізінен, көлік жүргізу – өзің үшін ғана емес, өзгелер өмірі үшін жауап­кер­шілік. Дәл осы жауапкершілікті кез келген жүргізуші рөлге отырған сәтте айқын сезінуі тиіс. Ешкім «қазір жол апатына ұшыраймыз» деген оймен жолға шықпайды. Тағ­дырдың жазуынан ешкім аспаған, десе де қауіп­сіздіктің басты талап екенін естен шығармау керек.

Жол апаттары әдетте жүргізушінің бейқам­дығынан орын алып жатады. Бұның зардабы бір емес, бірнеше көлікке, адамға тиюі мүмкін. Кейде жас­тар жағы ерсіленіп, тас жолды жарыс алаңына айналдыратын тұстар да жиі кездеседі. Бұл – бір­неше адамның тағ­дырын тәуекел ету. Құқық қорғау қыз­­меткерлерінің мә­ліметінше, қанша айтылып, ескертіліп жатқанымен ма­саң күйде көлік жүр­гізу, жол ережесін бұзушылар азай­май отыр.

– Сырдария аудандық сотында көлік басқару құқығынан айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Рес­публикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Азамат М көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде тізгіндеген.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәй­кес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді, ма­саң күйінде болған. Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауа­бымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжат­тарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен М жаса­ған құқық бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған. Мас жүргізуші өз өміріне ғана қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардың да өмі­ріне қауіп төндіреді. Сондықтан да ішімдік ішіп, көлік басқару орны толмас қайғыға себепші болатынын ес­тен шығармайық, – дейді Сырдария аудандық сотының төрағасы Қ.Бержанов.

Сала мамандары ба­қы­лау, қадағалау, профи­лактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізгенімен, барлық жағдайды толық бақылап отыру мүмкін емес. Мәселе ең алдымен адамның санасына байланысты. Көлік тізгінінде отырып, ұялы телефонмен сөйлесіп, ойды басқа жаққа бұру, қауіпсіздік белдігін камера үшін немесе жол полицейі үшін ғана тағу сияқты әрекеттер – негізгі себеп. Көлік жүргізуші әр сапарда кемінде он адамның тағдыры «өз қолында» екенін ұғынса, бәлкім, апатты жағдай азаяр ма еді?! Жолда жүру мәдениеті – өмір мәдениеті. Жол қателікті кешірмейтінін естен шығармаған абзал.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
28 наурыз 2026 ж. 83 0