Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаңырақ шаттығы

Шаңырақ шаттығы

Мереке аясында «Руханият орталығының» «Неке сарайында» салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға ардагерлер, мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

Бұл ретте құрметті қонақтар жас жұбайлар Нұрасыл Ікірәмбек пен Дильназ Қайраттың неке қию рәсіміне куә болды. Неке қию рәсі­мін Салтанат Бекжүнісова бастаған «АХАТ» бөлімінің мамандары жасады. Биыл отау құрғандарына 60 жыл толған «Гауһар той» иелері Әшірбековтер, «Алтын той» иелері Қайрамбаевтар, «Күміс той» иелері Жылқыбаев­­тар отбасы жас жұпқа өнегелі ақыл­дарын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.

Мерейтой иелеріне «Шаңырақ күні» аясында аудан әкімінің «Құттықтау хаты» мен сыйлық ұсынылды. Іс-шара соңында аудан өнер­паздары жиналған жұртшылыққа әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

24 наурыз 2026 ж. 210 0