Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық мереке қарсаңындағы салтанатты рәсім

Ұлттық мереке қарсаңындағы салтанатты рәсім

Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында ауданымызда түрлі маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып, мереке жоғары деңгейде атап өтілуде. Айтулы мереке қарсаңында Сырдария аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен жас жұбайлардың неке қию рәсімі мен туу туралы куәлік табыстау салтанаты өтті.

Салтанатты іс-шараға 50 жыл отасқан қазыналы қариялар Нұрғазин Мықанов пен Роза Агатаева, жас жұбайлар Алихан Айтбенбетов пен Дана Әлсейтова және жақында ғана өмір есігін ашқан Шалқар Жақсыбайдың ата-анасы қатысты.

Мерекелік салтанат Қазақстан Рес­публи­ка­сының мемлекеттік гимнмен бас­талды. Жаңадан отбасын құрып отырған жас жұбайлардың некесін аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Салтанат Бекжүнісова салтанатты неке қию рәсімі бойынша тіркеп, неке куәлігін 50 жыл отасқан ардақты қарияларымыз өздерінің жолын берсін деген ниетпен екі жасқа табыстады. Сонымен қоса өмірге жақында ғана келген Шалқар есімді сәбидің ата-анасына туу туралы куәлігі салтанатты түрде табысталып, ардақты ардагер Нұрғазин Мықанов ақ батасы мен ақжарма тілегін тіледі.

– Баршаңызды келіп жеткен Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын. Бұл күн еліміз үшін қасиетті де қастерлі. Осындай айтулы күнде некелері қиылып отырған жас жұбайларды және жақында ғана өмір есігін ашқан балапанның алғашқы құжатын алуы үлкен қуаныш. Жастарға айтарым бақыттың кілті сабырлық сақтауда, төзімді болуда және сыйластықта. Қандай қиын жағдай болса да соңына дейін сабырлық сақтап, төзімді болу. Екі жас бір-бірін түсініп, тыңдай біліп және керек кезде қолдау бере білу қажет. Отбасы құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – өмірге ұрпақ әкелу, иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу, – деді ардақты ардагер.

Өз кезегінде аудан өнерпаздары кеш қонақтарына мерекелік ән-шашуын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ кеш қонақтарына арнайы сыйлықтар тарту етілді. Осынау айтулы мереке қарсаңында өткізілген салтанатты рәсім қонақтары үшін ерекше есте қалары анық.

Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
25 қазан 2024 ж. 124 0