Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жұптар жарасымдығы

Жұптар жарасымдығы

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде елімізде халықаралық отбасы күні аталып өтіледі. Маңызы мен мағынасы мол атаулы күн аясында аудан көлемінде сан түрлі іс-шара өткізу дәстүрге айналған. Бұл ретте аудандық АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын болды.

Отбасы құндылықтары кеңінен дәріптелген іс-шара Тереңөзек кенті мәдениет үйі ұжымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Талай жыл қажырлы еңбегімен танылып, отбасында салиқалы ата-анаға, жастарға жол сілтер қартқа айналған Серікбай Кенжебаев пен Балтөре Мамаеваның ота­с­қан­­дарына 50 жыл толып, алтын той иесі атанып отыр. Ал Қанат Мирамбеков пен Жақсыгүл Омарова күміс тойға жетіп, 25 жыл­­дық белесті бағындыра білді. Қос отбасының мүшелеріне құр­мет көрсетіліп, аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Алғыс хаты табыс­талды. Жақында шаңырақ көтерген Әбибулла Жалғасбаев пен Ләззәт Қайратқызына неке куәлігі берілді.

– Некелі жарымен 25, 50 жыл ғұмыр кешкен ел ағалары отбасының тірегіне айналатыны сөзсіз. Аналарымыз болса, ер мен баланың бабын тауып, отбасының жағдайына бей-жай қарамайтыны рас. Шаңырақтың берекесін келтіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеген үлкендеріміз жастарға үлгі-өнеге көрсете бермек. Қазіргі уақытта отбасы құрмастан бұрын жастарға ескеретін тәрбиелік дүние көп. Қиындықты еңсеріп, ауыртпалықты артқа тастаған кеш­тің кейіпкерлері некесін жаңа қидырған жас жұбайға өмір­ден түйгенін, ақылын айтты, – дейді аудандық АХАТ бөлімінің дирек­торы Салтанат Бекжүнісова.

Тереңөзек кенті мәдениет үйінің әншісі Ақтолқын Баймұратова «Түрлі арман», «Жүрегімде жүрсің сен» әндерін шырқап, жиналған көп­шілікке шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ


16 қыркүйек 2025 ж. 116 0