Мейірім бар жерде – өмір бар
Елімізде 15 наурызда Қайырымдылық күні ауқымды түрде жүзеге асты.Сырдария ауданында тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеті дайындалды. Барлық мекеменің ұжымы қайырымдылық акциясына үн қосып, ізгілігі мол амал жасалды. Аудан бойынша 100 тұрмысы төмен отбасыға қайырымдылық жасалды. Оның ішінде, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымы 2 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Әрине, қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Ол тек көмек көрсету ғана емес, жүректегі мейірімділік пен жанашырлықтың көрінісі. Әрбір жасалған жақсылық – қоғамға себілген ізгілік дәні. Бүгін біреуге көмектесу арқылы біз ертеңгі күнге үміт сыйлаймыз. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленбейді, керісінше рухани байиды. Сондықтан әрбір адам қолдан келгенше жақсылық жасап, айналаға жылу сыйлай білгені дұрыс. Өйткені мейірім бар жерде – өмір бар.
Фото: ашық дереккөз










