Жас кәсіпкер жергілікті тұрғындарға көмектесті

– Қазақта «Сайына қарай – саласы, әкесі қарай – баласы» деген нақыл сөз бар. Әкем көзі тірісінде мұқтаж жандарға қолғабыс етуді алдына мақсат қылып қойған еді. Үнемі қайырымдылық жасау арқылы ел алығысына бөленген әке жолың жалғастыру – мен үшін абыройлы міндет. Қазіргі уақытта қытымыр қыс күшіне мініп, көпшіліктің үйінде қатты отын таусылуда. Сондықтан иглікті істі қолға алып, бірнеше отбасыны қатты отынмен қамтамасыз еттік, – дейді Фархад Расулұлы.
Жақсы іске атсалысып, қазіргідей күннің суығында бірқатар отбасыға жылу сыйлаған жас кәсіпкер Фархад Расулұлына жергілікті тұрғындардың айтар алғысы шексіз! Жас кәсіпкер үнемі тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуді дәстүрге айналдырмақ.