Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәстүр мен Жаңару үндескен

Дәстүр мен Жаңару үндескен

«Ұлыстың ұлы күні – Нау­рыз» мерекесі елімізде ерекше ата­лып өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Нау­рыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі бекітілді. Бүгінде ұлттық мере­кеміз он күн бойы тойлануда. Мемлекет басшысы дамудың жаңа бағытын айқындап, жар­қын бастамалар жүзеге асырылуда. Сырдария ауданының халқы жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесін көтеріңкі көңілмен қарсы алып отыр. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев­тың қол­дауымен барлық салада нәтижелі жетіс­тіктерге қол жеткізілуде. «Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады» дейді ата-баба­ла­рымыз. Ұлыстың ұлы күні Сырдария жері­не толайым жаңалықтармен келсін, – деген облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы бірқатар аза­матқа облыстық «Құрмет грамотасы» мен облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.

Өз кезегінде «Құрмет» ор­де­ні­­нің, «Ерен еңбегі үшін» ме­да­лінің иегері Әріп Битілеуұлы аудан халқын ұлыстың ұлы күні­мен құт­тықтады. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан жұрт­шы­­лы­ғына ақжарма тілегін арнады.

– Наурыз – ежелден хал­қы­мыз үшін жаңару мен жасам­паз­дықтың белгісіне ай­нал­ған ырыс пен ынтымақтың ме­ре­­кесі. Ата-бабаларымыз нау­­­­рыз­ды ерте заманнан жаңа жыл­дың бастауы деп санаған. Шуақты көктем мерекесінде күн мен түн теңеліп, бүкіл дүние қайта жаңғырып, хал­қы­мыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрінен бастау алатын, ізгілік пен мейірімділіктің, тату­лық пен сыйластықтың, мәңгілік құн­­дылықтардың жаршысы са­­на­лады. Ұлттық құндылық­тарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге толайым табыстармен, жаңалықтармен келсін! – деді аудан әкімі.

Мерекелік іс-шарада аудан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуы­­на қосқан үлесі үшін бір­қатар сырдариялық аудан әкі­мі­нің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Көктің тынысын тыңдаған, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тір­шілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған ата-бабалары­мыз Наурызды жаңару мен жасам­паздықтың бастауы деп есеп­теген. Самарқанның көк тасын жібітіп, жер бетіне жылылық пен мейірім нұрын шашқан, алтын күрек желімен табиғатты түлетіп, жүректерді елжіретіп, жеті қат жер астына дейін жылу да­рытқан, жыл құстарының әуез­ді әнін ала келген Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі осылайша ауданда кең көлемде атап өтілді.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
24 наурыз 2026 ж. 305 0