Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәстүр мен жаңару үндескен

Дәстүр мен жаңару үндескен

Наурыз мерекесі – ұлы даланың төсінде ерте ғасырдан бері тойланып келе жатқан, жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің символына айналған қасиетті күн. Бұл – табиғат түлеп, жер бусанып, тіршілік қайта жанданатын уақыт. Күн мен түн теңеліп, адамзат баласы жаңа үмітпен, ақ тілекпен бір-біріне құшағын ашатын мейірім мерекесі. Осындай игі дәстүрді жалғаған аудан жұртшылығы Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті. Ұлттық құндылықтар ұлықталып, салт-дәстүр жаңғырып, думанға толы мереке көтеріңкі көңіл-күймен тойланды.

Орталық алаңда қаз-қатар тігілген киіз үйлер мерекенің сәнін келтірді. Мерекелік іс-шара өтетін орталық алаң ұлттық нақыш­та ерекше сән-салтанатпен бе­зендірілді. Шатыр тігіліп, ақ дастарқан жайылып, аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар ұсы­нылды. Өнерпаздар әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй төкті. Ұлттық ойындар мерекенің сәнін келтірді. Алтыбақан құрылып, көрермен мен қонақтар әр киіз үй маңында халқымыздың тағылымға толы салт-дәстүрін тамашалады. Қолөнер шеберлерінің көрмесі мереке көркін қыздырды. «Армысың, әз-Наурыз!» тақырыбын арқау еткен мерекелік концертті аудан тұрғындары тамашалады. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, қоғам қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Әріп Хожбанов бастаған зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты.
– Баршаңызды жақсылықтың жаршысы, жақсы істердің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының атынан шын жүректен құттықтаймын! Нау­рыз – ежелден халқымыз үшін береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың белгісіне айналған Ұлы даланың қасиетті мейрамы. Жаңарған қазақ елінің ертеңі мен болашағын жалғайтын ұлттық мереке.
«Ұлыстың ұлы күні – Нау­рыз» мерекесі елімізде ерекше ата­лып өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Нау­рыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі бекітілді. Бүгінде ұлттық мере­кеміз он күн бойы тойлануда. Мемлекет басшысы дамудың жаңа бағытын айқындап, жар­қын бастамалар жүзеге асырылуда. Сырдария ауданының халқы жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесін көтеріңкі көңілмен қарсы алып отыр. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев­тың қол­дауымен барлық салада нәтижелі жетіс­тіктерге қол жеткізілуде. «Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады» дейді ата-баба­ла­рымыз. Ұлыстың ұлы күні Сырдария жері­не толайым жаңалықтармен келсін, – деген облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы бірқатар аза­матқа облыстық «Құрмет грамотасы» мен облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.
Өз кезегінде «Құрмет» ор­де­ні­­нің, «Ерен еңбегі үшін» ме­да­лінің иегері Әріп Битілеуұлы аудан халқын ұлыстың ұлы күні­мен құт­тықтады. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан жұрт­шы­­лы­ғына ақжарма тілегін арнады.
– Наурыз – ежелден хал­қы­мыз үшін жаңару мен жасам­паз­дықтың белгісіне ай­нал­ған ырыс пен ынтымақтың ме­ре­­кесі. Ата-бабаларымыз нау­­­­рыз­ды ерте заманнан жаңа жыл­дың бастауы деп санаған. Шуақты көктем мерекесінде күн мен түн теңеліп, бүкіл дүние қайта жаңғырып, хал­қы­мыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрінен бастау алатын, ізгілік пен мейірімділіктің, тату­лық пен сыйластықтың, мәңгілік құн­­дылықтардың жаршысы са­­на­лады. Ұлттық құндылық­тарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге толайым табыстармен, жаңалықтармен келсін! – деді аудан әкімі.
Мерекелік іс-шарада аудан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуы­­на қосқан үлесі үшін бір­қатар сырдариялық аудан әкі­мі­нің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Көктің тынысын тыңдаған, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тір­шілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған ата-бабалары­мыз Наурызды жаңару мен жасам­паздықтың бастауы деп есеп­теген. Самарқанның көк тасын жібітіп, жер бетіне жылылық пен мейірім нұрын шашқан, алтын күрек желімен табиғатты түлетіп, жүректерді елжіретіп, жеті қат жер астына дейін жылу да­рытқан, жыл құстарының әуез­ді әнін ала келген Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі осылайша ауданда кең


23 наурыз 2026 ж. 51 0