Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Шіркейлі ауылында Әз-Наурыз мейрамы тойланды

Шіркейлі ауылында Әз-Наурыз мейрамы тойланды

Ауданымызға қарасты Шіркейлі елді мекенінде ұлттық құндылығымызды ұлықтаған әз-Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев арнайы барып қатысты. Сонымен қатар, құрметті қонақтардың қатарында аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, Сырдария ауданының құрметті азаматы Ұлмекен Жанәлиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы және қоғам белсенділері бар.

Аудан басшысы ауыл тұрғындарын жер жаһанның жаңаратын, құт-берекесі мол Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Баршаңызды жақсылықтың жаршысы, жақсы істердің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – ежелден халқымыз үшін береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың белгісіне айналған Ұлы даланың қасиетті мейрамы. Жаңарған Қазақ елінің ертеңі мен болашағын жалғайтын ұлттық мереке. Бұл күн – қыстан «аман шықтық» деп, ала қыстай сақтаған дәм-тұзын бір қазанға тоғыстырған, елге мерей, жұртқа мейір сыйлаған күн. Мемлекет басшысы дамудың жаңа бағытын айқындап, жарқын бастамалар жүзеге асырылуда. Сырдария ауданының халқы жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесін көтеріңкі көңілмен қарсы алып отыр. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен барлық салада нәтижелі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табуда. «Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады» дейді ата-бабаларымыз. Ұлыстың Ұлы күні – Сырдария жеріне толайым жаңалықтармен келсін! Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы туған жерімізге, әрбір отбасына ырыс пен ынтымақ, молшылық пен тоқшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! - деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мереке аясында киіз үй, шатыр тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Қатысушыларға наурыз көже ұсынылып, қазақтың ұлттық тағамдары дайындалды. Ауыл тұрғындарынан құралған салтанатты шеру шараның көркін қыздырды.

Талантты өнерпаздар әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй төкті. Сондай-ақ, ұлттық мерекенің сәнін ұлттық ойындар келтірді. Атап айтқанда қазақша күрес, арқан тарту, гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сый-сияпат табысталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 наурыз 2025 ж. 183 0