Бата
Отауың көрік болсын,Босағаң берік болсын.
Қонағың қыдыр болсын
Бақ-дәулет еріп келсін.
Жақұттан жағаң болсын.
Жаныңды жадыратар
Ағайын аман болсын.
Беделің асып тұрсын.
Жазмыштың жақсылығын
Жаратқан нәсіп қылсын.
Ақ жүзің көрік болсын.
Жалғаннан жол табатын
Иманың серік болсын.
Ұл-қызың ауыл болсын.
Қол жайып ақ тілеген
Әз-Наурызда ниетің қабыл болсын!
Бақтияр ОСПАНОВ










