Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Батаның күші – бірлікте

Батаның күші – бірлікте

Өңіріміздегі соғыстың соңғы сарбазы, майдангер ақсақал Яхия Тасыровтың ғұмыр жолы – көпке үлгі-өнеге. Майдан даласында балақтан қан кешіп, бейбіт күнде еңбегімен елеулі болған қазыналы қарт биыл 104 жасқа келіп отыр. Бұл ретте, «Бата – ниеттің айнасы, тілектің тұмары» деген қазақы сөзден айнымай, ардақты ардагердің батасын көпшілікке ұсынбақпыз.

Уа, Құдайым бақ бер,
Берсең нақ бер.
Тілегіміз ақ болсын,
Көңіліміз шат болсын.
Ер-азамат жиналған,
Ел-жұртыңа бақ қонсын.
Қыдыр болсын жолдасың,
Жаратқан Алла қолдасын.
Киелі Қазақ еліне,
Бақ-береке орнасын.
Бірлігіміз нық болсын,
Байлығымыз құт болсын.
Халықтың саны көбейіп,
Қара ормандай жұрт болсын.
Көсегеміз көгерсін,
Керегеміз кеңейсін.
Төрткүл дүние төрінде,
Тереземіз теңелсін.
Көгімізде күн болсын,
Жерімізде нұр болсын.
Ер-азамат жиналған,
Әр қадамың гүл болсын!
Күніміз шуақты болсын,
Көліміз суатты болсын!
Қоныс өрісті болсын,
Еккеніміз жемісті болсын!
«Көл пайда болып тамшыдан,
Дария толсын қаңсыған.
Құт-береке кетпесін,
Диқан менен малшыдан.
Ашық болсын аспаның,
Бақ кетпесін басыңнан.
Көп болып достарың,
Ажырамасын қасыңнан.
Жоқ болсын дұшпаның,
Тас ататын тосыннан.
Тазалық деген денсаулық,
Ұшынба ішкен асыңнан.
Тіккен туы қазақтың
Ғасырға өтсін ғасырдан.
Ырыс қонған жеріңе бата,
Меймандос еліңе бата,
Аққан суыңа бата,
Асқар тауыңа бата,
Қолдасын Қызыр ата!
Жерлеріңде жұт болмасын,
Төрлеріңе құт орнасын.
Ел-жұрттарың жамандық көрмесін.
Әумин!
13 қаңтар 2026 ж. 265 0