Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Амал мерекесі құтты болсын!

Амал мерекесі құтты болсын!

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Бұл күні ел қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады, кеуде қағысады. Таң алакеуімнен әрбір шаңырақ дастархан жайып, мерекені асыға күтеді. Халық бір-біріне "Жаңа жасыңмен" деп тілек айтып, жаңа жылға аман-есен жетуімен құттықтайды. Осы ретте Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұжымы өз оқырмандарын 14 наурыз Амал мерекесімен құттықтайды.
Қадірменді оқырман, жаңа жастарыңыз құтты болсын! Амал оң болсын!
Ғылыми деректерге сүйенсек, ықылым заманда қазақтар Жыл басын 1 наурызда тойлаған екен. 1918 жылы Ресей Батыс Еуропа күнтізбесіне ауысады. Бұл екі күнтізбенің арасында 13 күн айырмашылық бар. Сонда бұрын 1 наурызда көрісетін қазақ енді 14 наурызда көрісетін болды. Абайша айтсақ осы күндері «қырдағы ел ойдағы елмен араласқан, күлімдескен, көріскен, құшақтасқан». Осы кезде айтылған ізгі тілек пен мейірім- қуаныштан тіпті Самарқанның көк тасы еріген деседі.


14 наурыз 2019 ж. 2 268 0