Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашаққа – сау тіспен» тақырыбында семинар өткізілді

«Болашаққа – сау тіспен» тақырыбында семинар өткізілді

Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «Болашаққа – сау тіспен» тақырыбында тіс саулығын түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ауыз қуысы гигиенасын сақтау, тіс күтімінің маңыздылығы мен тіс ауруларының алдын алу жолдары туралы ақпарат беру.

Семинар барысында қатысушыларға тісті дұрыс тазалау техникасы, дұрыс тамақтанудың тіс саулығына әсері, сондай-ақ профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі түсіндірілді.Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.






18 наурыз 2026 ж. 45 0