Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандарға маңызды ақпарат берілді

Мамандарға маңызды ақпарат берілді

Іңкәрдария ауылдық дәрігерлік амбулаториясында аудандық аурухананың фтизитр-дәрігері Ләззат Ибраимованың қатысуымен туберкулез бойынша профилактикалық іс шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша медицина қызметкерлері арасында арнайы семинар өткізілді.

Негізінен, семинардың мақсаты – халық арасында туберкулезді ерте анықтау екені даусыз. Семинарға қатысушыларға туберкулез дертінің клиникалық белгілерін алдын алу іс-шарасы таныстырылды. Сонымен қатар қақырық жинау ережелері мен тасымалдау әдістері туралы кеңінен мағлұмат берілді. Манту сынамасын қою және БЦЖ ревакцинасына көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер, екпе салу техникасы және БЦЖ екпесінен кейін болатын реакциялар жан-қаты талқыланды.


Семинар соңында кейбір мәселелер бойынша мониторинг жүргізілді.
18 ақпан 2024 ж. 203 0