Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Облыстық семинар өткізілді

Облыстық семинар өткізілді

Жақында Бесарық ауылындағы №147 орта мектепте "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты: Жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Аталмыш семинарға Арал, Қазалы, Жалағаш ауданының білікті педагогтары қатысты.
Шара барысында бірқатар педагогтар арнайы ашық сабақ пен семинар-тренинг өткізді. Сонымен қатар мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды. Сабақ көрсеткен пән мұғалімдеріне облыстық оқу орталығының сертификаты табысталды.

«ТТ»-ақпарат
31 қазан 2019 ж. 1 447 0