Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер

Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер


✅ 1. Көптеген тамақ мәзірлерінде «бір шымшым ванилин немесе ас содасын қосыңыз» деп көрсетіледі. Бірақ оларды көп қосып қойғаннан, мөлшерлеп немесе аз салған дұрыс екенін ұмытпаңыз. 

✅ 2. «Құмшекерлі» қамырды ұзақ уақыт илей беретін болсаңыз, нан қатты болады. 

✅ 3. Бисквит қамырды бірден пісірмесеңіз, құрамына ауа кіріп, дәмін жоғалтады. 

✅ 4. Пирогтың піскенін білу үшін арасына ағаш таяқша кіргізіңіз. Егер құрғақ болса, дайын болғаны. 

✅ 5. Қамырдың құрамына мейіз қосатын болсаңыз, оны ыстық сумен жуып, артынша ұнға шылаңыз. Осылайша қамырға бір тегіс орналасады. 

✅ 6. Орамжапырақ қосылған пирог ойдағыдай шыққанын қаласаңыз, алғашқы 15 минутта духовкінің қақпағын ашпауға тырысыңыз. 

✅ 7. Ешуақытта дайын сорпаның ішінде лавр жапырағын қалдырмаңыз. Пісіру барысында жақсы болғанымен, артынша сорпаның дәмін құртады. Ал сарымсақты пісіріп болған соң ғана қосыңыз. 

✅ 8. Сорпаны оттан алар кезде сәбіздің, орамжапырақтың, қызанақтың шырынын қосып алыңыз. Сол кезде ботқаға май қосқандай дәмді болады. 

✅ 9. Егер сорпаға мөлшерден артық тұз қосып қойсаңыз, ішіне піскен күрішті дәкеге орап салыңыз. Осылайша ол артық тұзды өзіне сорып алады. 

✅ 10. Бадана мен асбұршақ жылдам пісуі үшін әрбір 5-10 минут сайын үлкен қасықпен суық су қосыңыз.
10 шілде 2018 ж. 931 0