Ас үйге қажетті кеңестер

Шай демдейтін құманға қайнаған су құймай тұрып, бір шақпақ қант салсаңыз, шайыңыз хош иісті әрі қою болады.







✅ Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда ұзағырақ сақталатыны байқалған.
✅ Жұмыртқаның жарамдылығын тексеру үшін оны 10 см су құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз сақтала алады. Жұмыртқа сәл қалқып, төбесі судың бетінен шығып тұрған жағдайда, жұмыртқаны тез арада қолдануыңыз керек. Ал судың бетіне қалқып шыққан жұмыртқаны қоқысқа тастаңыз.
✅ Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.
✅ Мандарин қабығын тұзға батырып, онан соң қола ыдыстарды сүртсеңіз, май дағы оңай кетеді.
✅ Таза суға азырақ сірке суын қосып, ағаштан жасалған жабдықтарды немесе дастархан бетін сүртсеңіз, май дағы оңай кетеді.
✅ Бірнеше қолданылған шай қалташаларын ыдысқа салып, тоңазтқышқа қойыңыз. Шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады.
✅ Қасық, шанышқы мен пышақтарды бананның қабығының ішкі жағымен бір сүртіп шығыңыз. Артынан құрғақ орамалмен сүртіңіз. Қасықтарыңыз жарқырай түседі.
✅ Суға лимон шырынын қоссаңыз, қабықсыз пісірілген картоптың түсі ағара бастайды.
✅ Көкөністерді пісіретін болсаңыз, үстіне екі қасық қант қосып жіберіңіз.
✅ Ас үйдегі жағымсыз иісті кетіру үшін апельсин немесе лимонның қабығын оттықпен күйдіріңіз.
✅ Шикі көкіністерді ұзақ сақтау үшін оларды дымқыл сүлгіге орап қойған жөн.
✅ Нанның көгермегенін қаласаңыз, жабық ыдысқа салып, жанына алма немесе картоп қойыңыз. Нан салғышты апта сайын сабынмен жуып, ішін 1/3 бөлік суға сірке суын араластырып, сүртіңіз. Ақ нан мен қара нанды қатар қоймағаныңыз абзал.
✅ Лимонды сыққан кезде шырыны көбірек шықсын десеңіз, алдын ала 5 минутқа ыстық суға салып қойыңыз.