Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ​«Супер» самса пісіргіңіз келе ме?

​«Супер» самса пісіргіңіз келе ме?


фото: v-yablochko.ru

Самсаны не дәмді етеді? Қамыры ма әлде ішіне салынған салмасы ма? Міне, осы сұрақ мені жиі мазалайтын. Сөйтсем самсаның дәмді болуы қамырдың арасына жағылған майына да байланысты болады екен. Мұны жақында ғана білдім. Өте әдемі әрі дәмді самсаны сіздер де жасап көріңіздер!
Қажетті өнімдер:


  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 стақан су
  • 1-2 шай қасық тұз
  • 2-3 стақан ұн
  • 50 гр. май
  • 300 гр. фарш
  • 1-2 дана пияз
  • Дәмдеуіштер.
Дайындалу тәсілі:
1. Табаққа суды құйып, оған жұмыртқа, тұз және ұнды салып қамыр илейміз. Иленген қамыр 20-30 минут тұруы тиіс. Қамыр жұмсақ иленуі керек. Бірақ та қолға жабыспайтындай етіп илейміз.
2. Содан соң табаққа құйрықтың майын салып ерітіп аламыз. Осы еріген майға сонша көлемде өсімдік майын қосып, араластырасыз.

3. Қамырды екіге бөліп, жұқалап жаямыз да, арасына дайын майды жағамыз. Сосын төрт бүктеп 15-20 минутқа қалдырамыз.
4. Белгілі уақыт өткеннен кейін қамырды тағы бір жайып, қайтадан арасына май жағып, төрт бүктеп қоямыз. Осылайша қамырды үш рет жайып, арасына май жағылуы керек. Соңында май жағылған қамырды бүктеп, 20-30 минуттай тоңазытқышқа салып қояды.
5. Осы аралықта салманы дайындай беруге болады. Ол үшін фаршқа майдалап туралған пиязды, тұз бен бұрышты, дәмдеуіштерді салып, жақсылап араластыру керек.
6. Салма дайын болғаннан кейін қамырды бірнеше бөлікке бөліп, жаямыз да, арасына салманы салып, самсаларды түюімізге болады. Дайын самсаларды май жағылған табаға салып, бетіне күнжіт себелейміз де, 200 градусқа қыздырылған пеште пісіріп ала береміз. 30-40 минуттан соң самсалар да пісіп шығады.
Айранға иленген самса

Қажетті өнімдер:


  • 1 келі ұн
  • 400 гр. маргарин
  • 0,5 л айран
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық сірке суы
  • 1 шай қасық тұз және ас содасы
  • 800 гр. ет
  • 500 гр. пияз.
Дайындалу тәсілі:
1. Ең алдымен ұнды електен өткізіп алыңыз. Содан соң маргаринді үккішпен майдалап, ұнмен араластырасыз.
2. Пешті 180 градусқа қыздырыңыз. Сөйтіп табаға самсаларды салып, пісіріп ала бересіз. Міне осылайша қамырды ашытпай-ақ жақсы көтерілетін самса пісіруге болады.
3. Айран мен жұмыртқаны араластырып, көпіршітесіз. Сосын осы араласпаны ұнға қосып, артынша сірке суы мен тұзды, ас содасын салып, жұмсақ қамыр илейсіз. Дайын қамыр қолға жабыспауы тиіс. Қамырды тоңазытқышқа салып қоясыз.
4. Майлы қой немесе сиыр етін алып, майдалап тураңыз. Пиязды да майдалап турау қажет. Екеуін араластырып, тұз, бұрыш және зире қосуға да болады.
5. Қамырды бір илеп жіберіп, кішкене бөліктерге бөлесіз. Арасына салманы салып, қалағаныңызша түйіңіз.
Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ
07 маусым 2018 ж. 2 334 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 20:00
Amoxicillin Urinary Comparatif Viagra Et Cialis Cialis Se Puede Comprar En Farmacias antabuse for sale Amoxicillin Package Insert Como Comprar Cialis Discretamente Comment Prendre Le Viagra

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 14:03
Tamoxifen Citrate Buy Online Yasmin Aus Symbicort viagra vs cialis Precio Del Cialis En Farmacias