Илеген қамырыңыз көтерілмей жатса не істеу керек?
Егер сіз үйде дәмді бәліштер мен нан жиі пісіретін болсаңыз, қамырдың бірде көтеріліп, бірде көтерілмей қалатын «қылығын» білетін боларсыз. Бүгін біз қамырдың жақсы көтерілуінің құпияларымен бөлісетін боламыз.
Алдымен ашытқыны дайындау үшін пайдалы кеңестер: ашытқыны 27-30°C ауа температурасында және ылғалды жерде дайындау қажет. Ашытқылы қамыр ол ашытқылардың пайда болып, қоректеніп, көбейіп, өлуінен тұратын жабық процесс. Қамыр кемінде 2,5-3 сағат тұруы керек.
Ашытқының құрамында тұздың болуы ашытқылардың қабілеттерін төмендетуі мүмкін, сондықтан тұзды ең соңында қосқан дұрыс.
Қамырдың мінсіз көтерілуі үшін нені білуіміз қажет?
Қамырды тексеру
Қамырды тексерудің мақсаты ашытқы шығаратын көмірқышқыл газының көпіршіктері арқылы глютен желісін созу. Осы көпіршіктердің арқасында қамыр көлемді болып көтеріліп, дәмі де, иісі де керемет болмақ. Бұл кезең барысында ашытқы белсенділігі тез өзгереді. Олардың айналасында көптеген оттегі және қоректік заттар бар, олар жымлдам қарқынмен әсер етіп, өсе бастайды. Бұл арада түз бен қанттың көлемі де маңызды екендігін ұмытпағайсыз.
Қамыр көтерілуі үшін:
Көбірек жылу керек
Кішігірім кастролді қайнаған суға толтырып, бетін орамалмен жауып қойыңыз. Орамалдың екінші жартысына қамырды қоятындығыныңзды естен шығармаңыз. Осы қалыпта бетіне қамырды қойып, оның жақсы көтерілуі үшін оңтайлы жағдай жасайтын боласыз. Суға толы кастрол жылу берсе, орамал ылғалы береді.
Ашытқы көбірек қосу керек
Егер 30-50 минут аралығында қамырыңыз көтерілмей жатса, тағы да ашытқы қосыңыз. Бір қасық ашытқыны бір шыны кесе(240 мл) жылы(30°C) суға араластырыңыз. Көпіршік 0,6-1,25 см-дей болғанша 10 минут қойып қойыңыз. Бұл көмектеспей жатса, ашылмаған ашытқыны алып, қайта байқап көрсеңіз болады.
Енді қамырды қайта илеңіз
Қамыр жабысқақ па, тексеріп көріңіз. Егер жабысқақ болса үстіне тағы ұн қосып илеңіз. Қамыр жұмсақ әрі жағымды болуы керек. Әдетте мінсіз қамыр үшін 60% ұн мен 40% сұйықтық жеткілікті.
Дереккөз: notagram.ru

Пікір 2