Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Мейірім мен кәсіби дағдыға сүйенген маман

Мейірім мен кәсіби дағдыға сүйенген маман

Құрманкүл Ахметова жиырма жылдан астам уақыттан бері әлеуметтік қызметкер болып еңбек ететін маман. Ол өз қызметі арқылы әртүрлі қиындыққа тап болған адамдарға кәсіби көмек пен қолдау көрсетеді. Білікті маман ең бастысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.

Көптің алғысына кене­ліп жүрген Құрманкүл Әбдіра­ман­қызы әлеу­мет­тік қызметкер ретінде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың қам­қоршысы. Кәсіби дағдымен көмек қажет ететін жандардың мәселесіне жан-жақты талдау жүргізіп, әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында жұмыс жасайды.

Қазіргі заманғы қо­ғамдағы маңызға ие мамандыққа Құр­манкүл Ахметова 2005 жылы келді. Сол жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеу­­меттік бағ­дарламалар бөліміне әлеуметтік қызметкер ретінде жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін абыройлы еңбек етіп, алғыс алып жүр. Негізгі қызметі бойынша ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс жасайды.

Жүрегі мейірімге толы, бастысы кәсі­би дағдыға сүйенетін әлеуметтік қыз­­меткер күн сайын өз жұмысына ерек­ше ықыласпен, бар ынтасымен кіріседі. Өзінің қамқорындағы ерекше бала­ның жағдайын жасап, қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуіне күш салады.


– Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Мұндай жұмыстың бірқатар қиыншылығы бар. Яғни көңіл күйінің жиі өзгеруі, қарым-қатынасқа түсуінің қиындығы, материалды баяу қабылдау, зейіннің тұрақсыз болуы секілді. Сонымен қатар бағдарламаны меңгеру қарқынының әртүрлілігі, арнайы әдіс-тәсілдерді қолдану міндеті де бар. Ерекше балалармен жұмыс істеу оңай емес. Бірақ дұрыс әдіс, мейірімділік пен кәсіби қолдау арқылы жақсы нәти­жеге жетуге болады. Ең бастысы – әр баланың жеке тұлға екенін түсініп, оның мүм­кіндігін дамытуға жағдай жаса­уың керек, – дейді өз әңгімесінде Құрманкүл Ахметова.

«Мейірімді болу – жүректен». Өзі де көп балалы отбасында туып-өсіп, үй шаруасында епті болып бой жеткен Құрманкүл Әбді­ра­ман­қызы қара­пайым еңбек адамының қа­дірін жақсы біледі. Ата-анасынан жақсы тәлім-тәрбие алған ауылдың қызы ер жете есепші маман­дығын алып, түрлі салада еңбек етеді. Балабақшада ас­пазшы, шар­уашылықта жұ­мысшы болып еңбектің қара қазанында қайнайды. Енді міне, әлеуметтік қызметкер ретінде тәжі­рибелі маман атанған Құрманкүл Әбдіра­манқызы мейірімділік пен төзім­ділікті талап ететін күрделі кәсіп иесі.

«Барлық ауыртпашылыққа қа­ра­мастан, еңбегіміз қоғам үшін аса маңызды, себебі бұл мамандық адам­дарға үміт пен қолдау береді» дейді өз ісінің маманы.

Осы күні ерекше баламен жұмыс жасайтын маман күнделікті жұмыс жоспарынан тыс өз уақытын аямай, баланың жағдайын ата-анасынан кем жасамайды. Ізденісі мен міндетіне сәйкес әлеуметтік қорғау органдарымен, денсаулық сақтау ұйымымен, оқу орындарымен, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жұмыс істейді. Нәтижесінде, қарауындағы ерекше баламен түрлі сайыстарға қатысып, үздіктер қатарынан көрінуде. Білікті маманға балалардың ата-анасы алғысын айтудан жалықпайды.

Бибісара ЖАНӘЛІ

28 ақпан 2026 ж. 23 0