"Еңбек ардагері" медалімен марапатталды
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев әлеуметтік сала ардагері, «ҚР Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісінің иегері жәмиға іздібаеваны қабылдап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «еңбек ардагері» медалін табыстады. аудан әкімінің орынбасары сала үздігінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегіне тоқталды.
Т.Нұртазаев сала ардагері Ж.Іздібаеваны құттықтап, марапат иесінің еңбек жолы жас мамандарға үлгі-өнеге екенін айты.
Т.Нұртазаев сала ардагері Ж.Іздібаеваны құттықтап, марапат иесінің еңбек жолы жас мамандарға үлгі-өнеге екенін айты.
– Өз жұмысына жауапты әрі тапсырылған іске тиянақтылықпен қарайтын Жәмиға Іздібаева – жұртшылықпен жұмыс жасауды терең меңгерген білікті маман, әлеуметтік саланың құрметті ардагері. Алдына жұмыспен келген әр адамның мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, мәселесін шешуге жанашырлықпен қарап, жұмыстың нәтижелі бітуіне күш салатын қасиетін әріптестері жоғары бағалайды. Қиын әрі күрделі салада жұмыс істеу тәжірибемен қатар кішіпейілділікті, адалдықты және аса жауапкершілікті талап етеді. Осы қасиеттердің бәрі бойына
н табылатын Ж.Іздібаева қатардағы маманнан бастап бөлім басшысының орынбасары, аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің директоры секілді лауазымдарды абыроймен атқарды. Өз ісіне, есеп-қисапқа өте мығым маман ретінде ұжымда абыройлы болды. Жастарды тәрбиелеп, әлеуметтік сала жұмысының ілгері басуына зор үлес қосты, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Атап өту қажет, құрмет көрсету іс-шарасына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Дәуітбекұлы, БАҚ өкілдері қатысты.
Өз кезегінде Ж.Іздібаева құрмет көрсеткен әріптестеріне алғысын айтып, жұмыстарына жеміс тіледі.
Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы