Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға шомылғанда балаға абай болыңыз

Суға шомылғанда балаға абай болыңыз


Жаз мезгілінің аптап ыстық күндері бас­талғаны қашан. Ыстық күннің сәні жағажай мен дарияға суға шомылу екені баршамызға белгілі. Балалар тұрмақ, ересектерде суға шомылуға асығады. Бірақ су – аса үлкен қауіптің бірі екенін кей жағдайда есімізден шығарып алып, оның салдары орасан зор қасіретке ұшыратып жатады.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері республикада 32 бала суға батып кеткен. Оның ішінде 1 жағдай облыста тіркелген. Орын алған суға кету оқиғалары ата-ананың бақылауынсыз, қадағалауынсыз, рұқсат етілмеген жерлерге шомылудан, ескерту тақтайшаларының және балалардың жүзу қабілетінің болмауынан орын алып отыр.
Осыған байланысты балалардың суға кету оқиғаларының алдын алу үшін, суда тентектіктерге жол бер­меңіз. Апат туралы жалған дабыл бер­меңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар. Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз. Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда – сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз. Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз. Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз. Ата-аналарға балаларын суға шо­мылуға жалғыз жібермеуін және арнайы шомылуға рұқсат етілген жерлерге барып, үлкендердің қадағалауымен шомылуын бақылу міндетті. «Сақ­танғанды құдай сақтайды» деген. Ендеше қолдағы барды бағалап, олардың қауіпсіздігін қадағалап, көзден таса етпеу ата-ана үшін басты парыз.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
10 шілде 2018 ж. 1 597 0