Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Атырау облысында суға батып кеткен баланың денесі табылды

Атырау облысында суға батып кеткен баланың денесі табылды

Ауыл азаматтары жасөспірімнің денесін Ақжайық ауылы маңындағы Орал өзенінен тапты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Махамбет ауданында суға батып кеткен 15 жастағы баланың мәйіті 19 мамырдан бері іздестірілген.
Атырау облысы ТЖД-ның таратқан мәліметіне сәйкес, баланың өлі денесін өзеннен жергілікті тұрғындар алып шыққан.
«22 мамыр күні сағат 08:30-да ауылдың екі тұрғыны Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылы маңындағы Орал өзенінен 15 жастағы баланың өлі денесін алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, бала 19 маусымда жүзуге қауіпті аумақта шомылып жүрген кезде суға батып кеткен», - дейді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Дәурен ЕРБОЛАТ
24 маусым 2018 ж. 1 469 0