Пердені қалай тазалауға болады?
1. Кешке қарай 1,5-2 сағат пердеңізді жылы суға салып, шайып алыңыз. Таңертең қалаған кір жуатын ұнтағыңызды қосып, ыстық сумен жуыңыз.
2. Алайда ыстық суға салмастан бұрын, тағы да бір рет жылы суға шайып алғаныңыз дұрыс.
3. 3 ас қасық тұзды 0,5 литр жылы суға салып ерітіп алыңыз.
4. Бір-екі сағаттан соң пердені жылы суға да, ыстық суға да салып шайыңыз. Содан соң легенге 2-4 литр (перденің көлеміне байланысты) су құйып, тұз ерітіндісі мен бірнеше тамшы жасыл дәрі тамызып қойыңыз.
5. Одан кейін легендегі пердені 2-3 минут сайын аударып тұру керектігін ұмытпаңыз.
6. Осы тәсілмен жусаңыз, пердеңіздегі сарғайып қалған дақтарды да оп-оңай кетіресіз. Пердеңіз дүкеннен жаңа сатып алып келіп, іліп қойғандай күйде болады.
Пікір 1