Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су айдыны салғырттықты сүймейді

Су айдыны салғырттықты сүймейді


Жаз бен көптен күткен ең ұзақ жазғы демалыстар басталып та кетті . Ия жазғы демалыста көңіл көтермей, көлге, су қоймасында шомылмай өткізу мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес! Сондықтан да жазғы демалысты көңілді және ерекше есте қалатындай етіп өткізу үшін суға шомылу кезінде бірқатар ережелерді әрқашан ескеріп және оны қатаң сақтау қажеттігін естеріңізге саламыз.
Су дегенің – қауіпті ғой. Онда қатты ағын немесе күрт тереңдік, су астында өскен балдыр шөптердің аяққа оратылып қалу жағдайлары немесе күннің көзінен қатты қызып кету әбден мүмкін. Ал егер суға түсу кезіндегі ережелерді қатаң сақтасаңдар судағы барлық қауіптерді жеңіп, емін – еркін қызықты және жақсы дем ала аласыздар.
Сіздердің кейбіреулеріңіз суда жүзе аласыздар, алайда сіздер - суға шомылу кезінде қауіп жоқ деп ойламаңыз. Бастысы ересектерді тыңдаңыздар, олар бірінші кезекте сіздердің қауіпсіздіктеріңізді ойлайды.
Жағажайда дем алу кезінде бастарыңызға күннің ыстығы өтпес үшін бас киім киіп жүріңіздер.
Жаға жайларға ата-анасыз немесе аға және апаларыңызсыз бармаңыздар. Егер бір жаққа баратын болсаңыздар оларды ескертіңіздер.
Сіздерге беймәлім жерлерде суға шо- мылуға және сүңгуге болмайды, ол жерлерде көзге көрінбей жатқан тастар және басқа да бөгде заттар болуы мүмкін.
Аяқтарыңыз жерге жетпейтіндей тереңге бармаңыздар. Ойнап бір – біріңді суға батырмаңыздар!
Егер жүзу білмесеңдер міндетті түрде құтқару жилеттерін киіңіздер немесе құтқару шеңберімен жүзіңіздер.
Абай болыңыздар – ағын сіздерді тереңге алып, ал құтқару құралдарының желі шығып кетуі де мүмкін.
Қайықпен жүзген кезде бір жаққа отырмаңыздар және қайықты шайқамаңыздар, қайық аударылып қалуы мүмкін. Қайықтан суға немесе бір қайықтан екінші қайыққа секірмеңіздер.
Қайықпен жүзер алдында барлық құралдардың (қайық бүтінбе, ескек, құтқару шеңбері) барын тексеріңіздер және қайықты асыра тиеуге болмайды.
Осы ережелерді сақтай отырып сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін келеңсіз төтенше жағдайлардан аман алып қаласыз.

Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі

12 маусым 2018 ж. 1 323 0