ТЖК дабыл қағуда: Демалыс күндері Қазақстанда 20 адам суға батып кетті
Өткен сенбі және жексенбі күндері Қазақстанда 20 адам суға шомыламын деп, көз жұмды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеп.Министрліктің ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысында (5), Қызылордада (3), Қарағандыда (3), Солтүстік Қазақстанда (2), Алматы (1), Қостанайда (1), Ақмола (2), Батыс Қазақстан облысында (1) , Астана (1) және Алматы қалаларында (бір) адам суға кетіп көз жұмды.
Төтенше жағдайлар комитеті осы қайғылы оқиғалардың орын алуына байланысты халыққа су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және суға түсуге арналмаған жерлерде шомылмауды тағы да еске салады.
ТЖК-нің айтуынша, азаматтар үнемі құтқарушылардың кеңесіне назар аудармайды.
Мысал ретінде Қостанайда болған оқиғаны алуға болады. Тексеру кезінде құтқарушылар азаматтарды белгіленбеген жерлерде суға түсудің қауіпті екенін ескертіп, ондай су қоймаларында шомылмауға кеңес берген. Алайда, азаматтар құтқарушылардың ескертуіне құлақ аспай, суға батып кетіп жаздады. Өкінішке орай, оларды құтқарып қалған адамның өзі суға кетіп, көз жұмды.
«Өз өмірің мен жақындарыңның өміріне жауапсыздықпен қарауды доғару керек. Біріншіден, балаларға аса назар аудару қажет», – делінген баспасөз хабарламасында.
Елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты ТЖК кез-келген сұрақ бойынша агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгінуді сұрайды.
Пікір 2